Қазақстандық спортшы атақты Конор Макгрегормен жұдырықтасқан жауынгермен жекпе-жекке шығады
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай атақты Конор Макгрегормен жұдырықтасқан спортшыға қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: AMC Fight Nights
“Қазақ терминаторы” лақап атымен танылған Мұратбек Қасымбай Hardcore Fighting Championship тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады. Отандасымыз Конор Макгрегормен жұдырықтасқан бразилиялық Диего Брандаомен жекпе-жекке шығады. 13 шілдеде Алматы қаласында өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде спортшылар жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеудің иегерін анықтайды.
Айта кетейік, Диего Брандао 2023 жылдың қарашасында Мохаммад Хейбатиге қарсы жекпе-жекте HFC титулын жеңіп алған еді. Ол 50 жекпе-жек өткізіп, 29 рет жеңіске жетсе, 21 мәрте жеңіліске ұшыраған. Ал Мұратбек Қасымбай Алматыда өткен Hardcore Fighting Championship турнирінде Аловсет Мамиевті қазылардың бірауыз шешімімен жеңген еді.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр

