Қазақстандық шенеуніктер енді жұмысқа орналасу үшін эссе жазады
Енді елімізде бос лауазымға орналасуға ниет білдірген мемлекеттік қызметкерлер эссе жазатын болады. Тиісті заң жобасы парламенттің қарауына жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері мәлімдеді.
“Мемлекеттік аппараттың сапасын арттыруға қосымша жағдай жасау мақсатында халықаралық тәжірибені зерделеніп, әкімшілік мемлекеттік қызметке іріктеу құралдарын әзірлеу шаралары жүргізілуде”, – дейді агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев.
Ол үшін цифрлық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетіне тестілеу, құзыреттер бойынша сұхбат, эссе жазу және профильді тестілеуден өту сияқты жаңа тәсілдер қарастырылуда.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"