Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді
Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жерасты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісі 26 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 12:31-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,8, магнитудасы MPV 4,3", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Алматыда жер сілкінісі тіркелген болатын.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр