Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық продюсер Елдос Сметовке автокөлік сыйлады

"АльЗаБи" тобының продюсері Абай Малахов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдошы Елдос Сметовке Lexus маркалы су жаңа автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Абай Малахов осыдан екі ай бұрын Сметовке уәде бергенін айтты. 
"Барша әлемге аты шыққан, Қазақстанның көк Туын желбіретіп жүрген Елдос Сметов ағамызға осыдан екі ай бұрын көлік сыйлаймын деп уәде берген болатынмын. Бүгін Елдос ағамыз Стамбұлдан Түркістанға арнайы ұшып келді", – деп бөлісті продюсер. 

Ол спортшыны күтіп алып, жаңа тұлпарын табыс етті. 



"Мына көлігіңіздің кілтін табыс еткім келіп отыр. Құтты болсын. Бұдан да үлкен көліктер міне беріңіз, астыңызда тозсын", –  деп тілек білдірді Малахов.

Айта кетейік, бұл – Токио Олимпиадасынан кейін Елдос Сметовке сыйланған үшінші көлік. Токиодан оралған кезде әуежайда кәсіпкер Руслан Берденов спортшыға көлік мінгізді. Ал екінші темір тұлпарды Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев табыстады.

Талқылау