Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық параспортшы Азия рекордын орнатты

Паражүзуден Қазақстан спортшысы Алина Синельникова Азия рекордын орнатты. Әлем кубогында ол күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаға сілтеме жасап.

Спортшы Ақмола облысынан шыққан. Физикалық мүмкіндігі шектеулі "Мерген" спорт клубының тәрбиеленушісі Алина Синельникова 
400 метр қашықтықта еркін жүзуден күміс жүлдені жеңіп алды. 200 метр қашықтықта кеудемен жүзуден 3.20.54 көрсеткішпен Алина Азия рекордын орнатты.

Қыздың жаттықтырушылары Джанна Зайцева мен Анна Симонинаның айтуынша, Алина Қазақстан Республикасы халықаралық класының спорт шебері спорттық разрядын орындады. 

Айта кетейік, сәуір айының басында Берлинде паражүзуден жарыс өтті. Оған 47 елден 300 атлет қатысты. Спортшылар Португалияда өтетін әлем чемпионатя мен Қытайда өтетін Азияның пара ойындарына жолдаманы сарапқа салды. 



Чемпионатқа Қазақстан атынан төрт паражүзуші қатысты: Айбек Искра, 
Алина Синельникова, Иван Щепов және Токиодағы Паралимпиаданың қола жүлдегері Нұрдаулет Жұмағали. Қазақстан параспортшылары Берлинде бас-аяғы 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. 

Талқылау