Головкин-Мурата жекпе-жегі әлемнің 200-ден аса елінде көрсетіледі
Даңқты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 9 сәуір күні жапониялық Риота Муратамен кездеседі. Олар IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін сарапқа салады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жек Жапонияның Сайтам қаласында өтеді. Аталған жекпе-жектің Қазақстандағы көрсетілімі ресми хабарланған жоқ, бірақ "Qazaqstan" арнасының 9 сәуірге арналған телебағдарламасында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00 мен 23:00 аралығында бокс көрсетіледі деп жазылған. Головкиннің шығатын уақыты да сонымен тұспа-тұс келеді.
Аталған жекпе-жекті DAZN платформасы арқылы әлемнің 200-ден аса ел тұрғындары тамашалай алады (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстаннан басқа).
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған