Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен "Канелоны" екі жекпе-жекте де айқын басымдықпен жеңдім": Головкин кәсіпқой бокс туралы шындықпен бөлісті

Геннадий Головкин белгілі америкалық бапкерге сұхбат беріп, кәсіпқой бокс туралы шындықпен бөлісті. Сөзінше, ол Сауль "Канело" Альваресті екі жекпе-жекте де жеңген. Сондай-ақ күзде өтетін үшінші кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

Головкин

Головкин алдыңғы екі жекпе-жекте төрешілердің қарсыласын тек ұпаймен ғана ұтқызғанын айтады. Енді алдағы кездесуде екіжүзді адамдар айласын асырып кетпесе деп қорқынышын білдірді.

"Ол екі жекпе-жекте мен жеңдім, кім не десе о десін. Мұндай әділетсіздік белең алып кеткен. Мен бұл туралы айтудан қорықпаймын. Мен әрдайым шындықты ғана айтамын, бірақ ол ешкімге керек емес. Біз жүрген бизнестің ережесі сондай", – дейді Геннадий Головкин. 



31 наурызда Геннадий бұрынғы қарсыласы Муратамен жұдырықтасу үшін Жапонияға аттанды. Олар шаршы алаңға 9 сәуірде шығады. Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдар сарапқа салынады. Отандасымыз жапондық боксшыны "нокаутпен жеңемін" деген ойда.

"Бұл кездесудің стилі маған ыңғайлы. Рингке екі боксшы шыққанда, әдетте стильдер қақтығысы болады. "Нокаутпен жеңемін" деген батыл болжам жасаймын. Жапон жанкүйерлерінің көңілін қалдырмау үшін бар күшімді саламын",  –  деп қосты Головкин. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Рийота Муратаның арасындағы жекпе-жектің уақыты белгілі болған еді. Головкин мен Мурата арасындағы кездесу Жапонияда 9 сәуірде, Saitama Super Arena кешенінде өтеді. 

Талқылау