Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Канело" мен Мурата: Головкиннің 2022 жылы өтетін жекпе-жектерінің уақыты белгілі болды

Орта салмақта IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық Рийота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жектің уақыты мен өтетін орыны белгілі болды. Сонымен қатар Головкин мен Сауль “Канело” Альварес үшінші жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Головкин

Головкин мен Мурата арасындағы кездесу Жапонияда 9 сәуірде, Saitama Super Arena кешенінде өтеді. 

Еске салайық, отандасымыз бен жапониялық суперчемпион арасындағы жекпе-жек өткен жылдың желтоқсан айында өтуі тиіс еді. Алайда пандемия салдарынан кездесу кейінге қалдырылды

Сондай-ақ 2022 жылы Головкин "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасатыны жайлы ақпарат тараған. USA Today Sports+ хабарлағандай, GGG мен Альварестің кезекті жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланып отыр. Әрі қос боксшы да келісімшартқа қол қойған. 

Кездесу Лас-Вегаста өтуі мүмкін. Ал боксшылар "Канелоның" төрт чемпиондық белбеуін сарапқа салмақ. 

Жекпе-жек өтуі үшін Головкин сәуірде WBA белбеуінің иегері Рийота Муратаны, ал Альварес мамыр айында Дмитрий Биволды (19-0, 11 КО) жеңуі қажет.

Талқылау