Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегінің мерзімі аталды
Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің мерзімі аталды. Сонымен қатар кездесуден кейін Альварестің алатын гонорары да белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sporting News басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, Альварес Эдди Хирнмен жалпы соммасы 85 миллион долларға тең екі жекпе-жекке келісім жасаған.
Бірінші жекпе-жек жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Биволмен өтуі қажет. Ал 17 қыркүйекке жоспарланған екінші жекпе-жекте Геннадий Головкинмен жұдырықтасады. Алайда кездесудің өту Альварес пен Головкиннің алдағы жекпе-жектеріне байланысты. Бұл үшін қос боксшы қарсыластарын жеңуі керек.
"Дереккөз келтірген ақпаратқа сәйкес, мұндай келісім әзірге расталмаған, алайда келіссөз аяқталуға жақын", – дейді басылым.
Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин мен Рийота Мурата арасындағы кездесу ақпан немесе наурыз айында өтуі мүмкін екені хабарланған.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"