Геннадий Головкин жасына байланысты мәлімдеме жасады
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем титулдарының иегері Геннадий Головкин жасы 40-қа таяп қалғанда мотивация мен жекпе-жекке дайындықта еш қиындық көрмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

8 сәуірде Жапонияда WBA Super чемпионы Риота Муратамен өтетін жекпе-жегі қарсаңында Головкин 40 жасқа толады.
"Мені өз өнерімдегі мақтаныш сезімі ынталандырады. Мен жанкүйерлерге Big Drama Show тамаша шоуын көрсеткім келеді. Мен өз мүмкіндігімді толық көрсеткім келеді. Боксшы ретінде мен ең жақсы формада болғым келеді. Мен өзімді керемет сезінемін, өзімді он жылға жас сезінемін. Бұл тұрғыда ештеңе өзгерген жоқ. Мен әлі де боксты жақсы көремін және ауыр жаттығуларды ұнатамын", - деді Геннадий JiJi Press-ке берген сұхбатында.
Қазақстандағы ең қымбат ТОП-10 қонақүй: Бір түннің құны қанша
Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлердің бірінде бір апта демалу құны - 2,8 миллион теңге.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр