Қазақстандық оқушыларға мектепке оқулық алып келмеуге рұқсат беріледі
Еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордада өтіп жатқан тамыз конференциясының барысында қазақстандық оқушылардың оқулықтарын мектепте қалдырып кете алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Министрдің айтуынша, ата-аналар мен балалардың таңдауы бар. Оқушылар оқулықтарын мектепке алып бара алады немесе оларды мектепте қалдырып, кітаптардың электронды нұсқасын пайдалануына болады.
«Бастысы, білім және ғылым министрлігі таңдау еркін, оқулықтардың электронды нұсқасын пайдалану мүмкіндігін беріп отыр. Бұл ретте қандай оқулықтарды пайдаланатынын ата-аналар таңдайды», - дейді білім министрі.
Өз сөзінде Аймағамбетов биылғы жылы министрліктің «Жеңіл портфель» тұжырымдамасын дайындайтынын айтты.
Айта кетсек, сонымен қатар білім және ғылым министрі Қазақстанда ҰБТ-ны электронды түрде өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды