Қазақстанда ҰБТ-ны электронды түрде өткізбек
Нұр-Сұлтан қаласында өткен тамыз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда болашақта ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды түрде тапсыруға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Талапкердің жүйені алдаудың әдістерін іздейтініне қатысты фактілер бар. Телефон алып кіреді. Білімінің көмегімен емес, басқа да құралдардың көмегімен грантқа ие болу туралы ойлайды. Біз ҰБТ тапсырудың электронды жүйесіне көшуді жоспарлап отырмыз. Бұл бірте-бірте жүзеге асады. Осындай жоспарымыз бар», - дейді Аймағамбетов.
Айта кетсек, 2019 жылы 110 мыңнан аса талапкер ҰБТ тапсырды. Олардың 82 мыңнан астамы 50 баллды құрайтын шектік деңгейден өтті.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”