AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар мектепке оралып жатыр: Дәрігер мен психолог ата-аналарға кеңес берді

Жаңа оқу жылының басталуы балалар үшін де, ата-аналар үшін де ауыр болады. Бұл туралы ата-аналар мен мамандар айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ұзақ уақыттан кейін дәстүрлі форматқа өту, коронавирустың балалар арасында таралуы үлкен мәселелер тудыруда. Психологтардың пікірінше, бірінші сынып оқушылары үшін мектепке оралу тиімді, алайда жоғарғы сынып оқушылары мен ата-аналарының дәстүрлі форматқа үйренісуі қиындық тудыруы мүмкін. 

“Жоғары сынып оқушылары әзіл түрінде, қосымша ресурстар түрінде көбірек қолдауды қажет етеді. Мысалы, әдемі қарындаш, ерекше блокнот немесе басқа да ұсақ-түйек заттар олардың көңіл күйін көтеруі мүмкін. Мұндай кезде отбасымен бірге уақыт өткізу, көбірек үйірмелерге қатысу өте маңызды”, –дейді педагог-психолог Ирина Марченко. 

Сонымен қатар, мектеп оқушыларының тамақтануына ерекше назар аудару қажет. Диетологтар тіпті балаларға арналған ерекше таңғы ас әзірлеу қажеттігін айтты. Демалыстан кейінгі алғашқы оқу аптасы баланың организмі үшін қиын болуы ықтимал. Сондықтан В тобындағы дәрумендерді балаға көбірек беру қажет. Бұл дәрумендер қара бидай нанында, сондай-ақ жұмыртқада, банан мен жармада бар. 

“Таңғы ассыз кететін балалардың барлығы гипогликемияға бейім, яғни қандағы қанттың төмендігі. Және бұл зейіннің төмендеуіне әкеледі, балалар ұйқылы күйде болады, назарларын нақты оқуға аудара алмайды, ойлары шашыраңқы болады”, – дейді Қостанай облыстық ауруханасының валеологы Надежда Жаркова. 

Таңғы ас ыстық болуы керек. Балаға таңертең ботқа беру қажет. Ал ботқадан кейін дәрігерлер жеміс жеуге және какао ішуге кеңес береді. Ауа райы рұқсат етсе, иммундық жүйені нығайту және вирусқа қарсы тұру үшін жиі серуендеп, маусымдық жемістер мен көкөністерді жеген дұрыс.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр