Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар қай уақытқа дейін қашықтықтан оқиды: Министр түсіндірді

ҚР білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов «Жаңа оқу жылы - жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы онлайн-конференцияда балалар қашаннан қашықтан білім алады деген сұраққа жауап берді.

Министр мектеп оқушыларының бірінші тоқсаны қашықтықтан оқитындығын еске салды. Алайда 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптарда мұғалімнің басшылығымен оқуға мүмкіндік бар.

Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін 530 мың баланың ата-аналары білім берудің осы форматына жүгінген. Сонымен қатар, балалар осы форматта қанша уақыт оқитындығы туралы сұраққа Аймағамбетов мұндай шешім әзірге бірінші оқу тоқсанына қатысты екенін айтты.

Бұдан әрі шешімдер коронавирустық эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданады. Бұған дейін Алматы билігі созылмалы ауруы бар балаларды кезекші сабаққа жібермейтіні белгілі болды - бұл олардың денсаулығын сақтау үшін жасалып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде карантинді жеңілетудің екінші кезеңі басталды. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр