Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қашықтан оқу кезінде мұғалімдер оқушыларды қалай бағалайды: Министр айтып берді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдер мектеп оқушыларының білімін қалай бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, әр сабақта мұғалім оқушыға өз бетінше немесе мұғаліммен бірге орындайтын тапсырма береді. Министр мұндай жүйенің өткен оқу жылының төртінші тоқсанындағы оқытуды талдау нәтижелері бойынша жасалғанын атап өтті.

"Мұғалім оқушыға бұрыннан берілген тапсырманы бағалайды. Тоқсандық баға бірнеше айнымалылардан тұрады. Қалыптастырушы бағалау - 25%, бөлім бойынша жиынтық бағалау - 25%, тағы 50% - тоқсанға арналған жиынтық бағалау нәтижесінде қойылады", - деді министр.

Министр мұндай бағалау шкаласы уақытша және қашықтықтан оқыту кезеңінде ғана қолданылатынын баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда екі телеарна 9 сағат бойы оқушыларға қашықтан білім беретіні туралы жазған болатынбыз.

Білім және ғылым министрлігі кезекші сыныптарда жұмыс жасау кезінде коронавирусты жұқтырған мұғалімдерге өтемақы төлемейді.


2020-2021 оқу жылындағы демалыс күндері белгілі болды

Талқылау