Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мұнайшы Грузия премьер-министрінің орынбасарының кеңесшісі болды

Қазақстандық мұнайшы Жақып Марабаев Грузия премьер-министрінің орынбасары, экономика және тұрақты даму министрінің кеңесшісі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың 30 қаңтарында халықаралық сарапшы Жақып Марабаевпен консультациялық қызмет көрсету туралы келісімге қол қойылды.

Хабарланғандай, Жақып Марабаев Грузия үкіметінің кеңесшісі ретінде ұлттық мұнай стратегиясын әзірлеу, осы саладағы ірі инвесторлармен қарым-қатынасты басқару және геологиялық зерттеулерді жаңарту бойынша кеңес береді.

Грузияның экономика және тұрақты даму министрлігінің сайтында Жақып Марабаевтың тәжірибелі менеджер, Қазақстанның және Еуразиялық аймақтың мұнай-газ саласындағы басшылық лауазымдарда 40 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби маман екені атап көрсетілген.

"Экономика ғылымдарының кандидаты, тау-кен ісі магистрі, техникалық лауазымдарда тәжірибелік жұмыста үлкен тәжірибесі бар. Ол Қазақстан Республикасындағы маңызды энергетикалық жобаларға кеңес беріп, басқарды. Ол Қазақстандағы да, шетелдегі де әлемдік ірі энергетикалық компаниялардың жоғары басшылығымен тығыз байланыста жұмыс істеп, елдегі бірлескен кәсіпорындарды дамытудың негізгі қозғаушы күші болды”, –делінген ақпаратта.

Жақып Марабаев TotalEnergies топ-менеджментінің құрамында халықаралық басшыларды оқыту бағдарламасын аяқтады және екі жыл Францияда, Ұлыбританияда және Африкада жұмыс істеді. Осы кезеңде ол коммерциялық және техникалық мәселелер бойынша стратегиялық шешімдер қабылдауға, сондай-ақ INSEAD француз институтында басқарушы кадрларды оқытуға қатысты және Француз мұнай институтында (IFP) басшыларға арналған MBA курсын сәтті аяқтады.

Жақып Марабаев Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын және Мәскеу мемлекеттік басқару университетін бітірген.

Осы жылдар ішінде "ҚазМұнайГазда" жұмыс істеді, соңғы қызметі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Талқылау