Қазақстандық ММА файтерін Мәскеу орталығында атып кетті
Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеу орталығында фитнес клубтың күзетшісі атып тастаған. Оқиға 16 ақпанда болған. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, файтер мен спорт мекемесінің күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
30 жастағы Дүйсембаев 6 жерден оқ жарақатын алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде.
Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. “Қазақ” лақап атымен белгілі болған ол барлығы жеті кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді