Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық миллиардер англиялық футбол клубын сатып алды

Қазақстандық “Kaspi.kz” АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе англиялық Уиком Уондерерс футбол клубының иесі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Kaspi.kz

Қазақстандық миллиардер ағылшындық “Уиком Уондерерс” клубының акциялар пакетін сатып алған. 

Клубтың ресми арналары Ағылшын футбол лигасы (EFL) мақұлдағаннан кейін Михаил Ломтадзе, Эдуард Вышняков пен Дэн Райс клубтың директорлар кеңесі құрамына кірген. 

Сонымен қатар мәлімдемеде Ломтадзеге тиесілі Blue Ocean Partners II Limited компаниясы енді “Уиком Уондерерс” клубы акцияларының 90 пайызына иелік ететіні жазылған.

Клуб Англияның бірінші лигасында шаршы алаңға шығады (ағылшын футболының үшінші дивизионы). Клуб жеткен ең үлкен жетістік – 2000-2001 жылғы маусымда Англия кубогінің жартылай финалы.

“Біз үнемі клубты дамытудың ұзақмерзімді стратегиясының ажырамас бөлігіне айналатын аса тиімді академия құруға ұмтыламыз”, – деп мәлімдеді Михаил Ломтадзе. 

Уиком үшінші ағылшын дивизионында бұл маусымды 10-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Kaspi.kz негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесу үшін 20 миллиард теңге бөлді. Қаражат Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында тұрғын үйлерді жөндеуге, сатып алуға және салуға жұмсалады. 

Талқылау