Қазақстанда мектептерде вейп пен улы заттар әкелуге тыйым салынбақ
Білім министрлігі оқу орындарына әкелуге болмайтын заттар тізімін жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото pixabay
Бұл бұйрық туралы тиісті жобаны Білім министрлігі "Ашық НҚА" порталында жариялады.
Түсіндірме жазбада жобаның мақсаты вейптер мен хош иістендіргіштер заттардың алдын алу екені жазылған. Тізімде оқ-дәрілер, жарылғыш жанғыш заттар, отшашулар, пиротехника, химиялық және улы заттар, сіріңкелер, оттықтар, газ құтылары, психоактивті заттар мен темекі өнімдері бар.
Құжат 21 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ашық.
Еске салсақ, Тоқаев Қазақстанда вейптерді жарнамалауға және сатуға тыйым салу туралы заңға қол қойған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған