Қазақстандық конькиші Қытайда өткен Гран-приде қола жүлдені жеңіп алды
Қазақстандық Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан 2023 жылғы Қытай Гран-приінде қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми парақшасынан
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, гран-при кезеңі 10-12 қараша аралығында Қытайдың Чунцин қаласында өткен.
"Ерлер арасындағы коньки тебуден қазақстандық Михаил Шайдоров үшінші болды. Ол барлығы 264,46 ұпай жинады. Осылайша 19 жастағы Шайдоров өзінің жеке рекордын жаңартты", - деп хабарлайды комитет.
Бірінші орынды Франция өкілі Адам Сяо Хим Фа (298,38), күміс жүлдені жапондық Шома Уно (279,98) иеленді.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді