Қазақстандық гимнастар әлем кубогында екі медаль жеңді
Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен гиманстикадан әлем кубогында қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында алты спортшы өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, гимнастар доп/лента жаттығуында күміс медаль, шеңбермен жаттығуда қола медаль жеңіп алған.
Ұлттық құрама сапында Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мұрзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова, Аружан Қасенова, Әсел Шүкірбай өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Таллинде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан