Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен жеңілген жоқпын!": Мурата Головкинмен болған жекпе-жектен кейінгі түйгендерін айтты

Жапон боксшысы Риота Мурата қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегі туралы философиялық ой айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

"Бокс маған көп нәрсе берді. Әртүрлі адамдармен таныстым, үйрендім. Мен алған соққыларымды біреуге қайтарамын деп үміттенемін. Жеңсем жақсы болар еді. Алайда ең бастысы өзімнен жеңілген жоқпын. Қарсыласыңызды жеңуден гөрі, өзіңізден жеңілмеу маңызды. Бұл кәсіпқой спортта менің өз-өзімнен жеңілмегенімді сезу маңызды сезім. Бүгін мен өзіме қанағаттандым деп ойлаймын. Бірақ бұл осымен бәрі бітті деген сөз емес. Бұл жеңістен де жоғары ерекше оқиға болды", - деп мойындады Мурата.

Еске салсақ Отандасымыз Геннадий Головкин Жапонияның Сайтама қаласында өткен бокс кешінде Риота Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы IBF, IBO және WBA Super белбеулерінің иесі атанған болатын.

Талқылау