Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Таллинде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық 234,31 ұпаймен екінші орынды иеленді. Қысқа бағдарлама аясында біздің спортшымыз төрт лютц, үш аксель және төрт саусақты ілмектерді орындай алды. Оның медалі ел үшін тарихи нәтиже. Себебі бұған дейін Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатынан медальдар болған жоқ.
АҚШ өкілі Илья Малинин алтын жүлдені жеңіп алса, үшінші орынды жапониялық Тацуя Цубой ұтып алды.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда