Қазақстандық гимнаст Болгарияда екі алтын медальді жеңіп алды
Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева Болгарияда өткен көркем гимнастикадан халықаралық жарыста екі алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

София кубогында Эльжана Таниева шығыршық және таспа жаттығуында бақ сынады. Таспа жаттығуында қазақстандық гимнаст 20.550 ұпай жинап, алтыннан алқа тақты. Екінші орынға жергілікті спортшы Татьяна Воложанина жайғасса, үштікті италиялық София Мафез түйіндеді.
Екінші алтынын Эльжана Таниева шығыршықпен жаттығуда жеңіп алды. Ол 22.300 ұпай жинап, болгариялық Татьяна Воложанина мен Ева Брезальевадан басым түсті.
Сондай-ақ ел қоржынына тағы екі жүлдені Сабина Бакатова салды. Ол доп және ұршықпен жаттығуда үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.
Осылайша, Қазақстан спортшылары Болгарияда өткен София кубогында екі алтын және екі қола жүлдені қоржынға салды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды