Қазақстандық футболшы Зайнутдинов ауыр жарақатынан кейін мәлімдеме жасады
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Түркияда алған жарақатынан кейін мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тарихта алғаш рет еуро финалына шығуы мүмкін. Бірақ Зайнутдинов Джером Опокумен болған жекпе-жегінде жарақат алып, негізгі ойындарға қатыса алмайтын болды.
Ол жарақатынан кейін жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады.
“Қолдау көрсеткендеріңізге, жылы сөздеріңізге рахмет! Ұлттық құрамаға және ойыншыларға маңызды матчтарда сәттілік тілеймін! Тек алға”, – деп жазды Зайнутдинов.
Еске салсақ, осыған дейін Зайнутдиновтың жарақат алғаны туралы жазған болатынбыз. Футболшы Зайнутдинов Қазақстан үшін маңызды матч – "Еуро – 2024" іріктеу кезеңіне қатыспайды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған