Қазақстандық футбол клубының 160 қызметкері жалақысыз қалды
Көкшетау қаласының "Оқжетпес" футбол клубы 160 қызметкерін жалақысыз қалдырды. Іске прокуратура араласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/fcokzhetpes/
Бұған дейін Ақмола облысының командасының ойыншылары бірнеше айдан бері тұрақты жалақы алмағандықтан Қазақстан чемпионатының матчына кедергі келтіреміз деп қорқытқан.
"Қадағалау іс-шаралары барысында "Өжетпестің" 160 қызметкеріне жалпы сомасы 425 миллион теңге жалақы берешегі бар екені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлерге берешегі толық өтелді, кінәлілер заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды", – делінген Ақмола облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 2022-2023 маусымының қорытындысы бойынша "Оқжетпес" ФК Қазақстан премьер-лигасында 12-орынға ие болып, жоғарғы дивизионнан шықты.
Еске салсақ, осыған дейін футболдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте төмендегені белгілі болған.
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?