Қазақстандық дзюдошы қыз күрес кезінде қарсыласын неліктен тістеп алғанын айтты
Қазақстандық дзюдошы Айгерім Әбілқадірова Париждегі "Үлкен Дулыға" сайысында қарсыласын неліктен тістеп алғанын түсіндірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу кезінде отандасымыз бельгиялық Шарлин ван Сникке есе жіберді. Желіде тараған видеодан қазақстандық спортшының қарсыласының аяғынан тістегенін көруге болады.
Кейін Әбілқадырова видео жариялап, бұл әрекетін түсіндірді.
"Барлық сыншыларға жауап бергім келеді. Кеше мен Париждегі Grand Slam сайысында бельгиялық спортшымен күрестім. Ол менің шынтағыма ауырту тәсілін жасады. Жеңілгенімді білдіріп, белгі бердім, бірақ бельгиялық спортшы бұған қарамай қолымды қайыра берді. Шынтағымдағы сықырды естіген соң оны ауырғаннан тістеп алдым. Бұған қоса төреші мән бермей, жекпе-жекті тоқтатпады. Маған түрлі жағымсыз пікір жазатындарға айтарым, батыр болсаң маған нөміріңді жазып жібер. Барлығын бетіме айт, бірақ айта алмайсың", – деді ол.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"

