Қазақстандық дзюдошы Екатерина Токарева әлем чемпионатында жеңіліске ұшырады
Екатерина Токарева Әбу-Дабиде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының екінші айналымында ұтылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде Қазақстан атынан сынға түскен жалғыз Екатерина Токарева да сәтсіз өнер көрсетіп, жарысты ерте аяқтады. 70 келіде белдескен балуанымыз алғашқы кездесуінде өзбекстандық Гульноза Матниязовадан айласын асырғанымен екінші белдесуінде испан балуаны Цунода Рустантқа “иппонмен” ұтылып, жарысты жарты жолдан тоқтатты. Сондай-ақ 78 келіде белдескен Аруна Жангелдина бірінші белдесуінде Ұлыбритания өкілі Эмма Рейдке есе жіберді. Осылайша, Қазақстан құрамасы төртінші күн қатарынан сәтсіз өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріне алмай жатыр.
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде Абиба Әбужақынова 48 келіде қола жүлде жеңіп алса, Елдос Сметов (60 келі) бесінші орыннан көрінген еді.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді

