Қазақстандық депутаттар демалысқа шықты
Палаталардың бірлескен отырысында парламенттің VII шақырылымының бірінші сессиясының аяқталғаны туралы жарияланды. Мәжіліс спикері депутаттық каникул басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Палаталардың бірлескен отырысында сөз сөйлеген мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламентке кірген барлық партиялардың депутаттары пандемияға қарамастан белсенді жұмыс істеп, "заң шығару жұмыстарымен ғана айналысып қоймай, халықпен кері байланысты қамтамасыз еткенін" атап өтті.
Мәжілістің мәліметінше, осы сессияда екі палата 24 заң жобасын қарады, олардың 15-і қаралып, қабылданды.
Дәстүр бойынша парламентте кезекті сессияның қорытындысы маусым айының соңында шығарылады. Сессия аяқталғаннан кейін депутаттар қыркүйекке дейін демалысқа шығады.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”