Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дәрігерлер коронавирусты анықтайтын тест жасап шығарды

Алматыда аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының базасында жұмыс істейтін орталық референттік зертхана ғалымдары коронавирус анықтайтын тест жасап шығарды. Мамандардың сөздерінше, оның көмегімен 5-6 сағаттың ішінде сынаманың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге болады. Қазақстандық құралдың шапшаңдығы мен сезімталдығы жағынан шетелдік құрылғылардан кем емес көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

тест

Алматыдағы ғылым орталығына екінің бірі кіре алмайтын сыңайлы, себебі ғимараттың ішінде аса қауіпті жұқпалы індеттер анықталып, оның құрамы мұқият сарапталады. Қазір бұл жақтағы зерттеушілердің жұмысы еліміздегі коронавирус ахуалына байланысты қыза түсіпті. 

Орталық ғалымдары  бір айдың ішінде коронавирусты дәл табатын жаңа тест жиынтығын әзірлепті. Оның көмегімен 5-6 сағаттың ішінде сынаманың қорытындысына қол жеткізуге болады. Десек те құрал қолданысқа енбепті. Мамандар тиісті сертификат алған соң, ел аумағындағы барлық диагностикалық зертханаларға тестті жібереміз деп жоспар құрыпты .

"Бізде ресейлік және еуропалық тест бар, Қытай республикасынан келген тесттер бар. Біздің тест олардан өзінің сезімталдығы жағынан бірдей. Бұл жер Қазақстанның үлкен ғалымдарының жиналған жері. Қазақстан ғалымдарының да қолынан келеді, жасай алатынымызды біз де дәлелдедік", -  дейді аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы бас директорының міндетін атқарушы Тоқтасын Ерубаев.

Зерттеушілер бұған дейін коронавирусқа қатысты 2 мыңнан аса науқастан алынған сынаманы сарапқа салыпты. 

Атап кетерілк жайт, референттік зертхана аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының базасында жұмыс істейді. Ұйым жұмысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісім аясында іске қосылған. Бүгінгі күні аталған нысанды еліміздің денсаулық сақтау, ауыл шарашылығы, білім және ғылым министрліктері бірлесіп пайдалануда. Зертхананың басты міндеті – елдегі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

"Орталық референс-лабораторияда тек қана Қазақстанның мамандары жұмыс істейді. Басында америкалық мамандар инженер дайындауға, маман дайындауға көмее көрсетті. Бүкіл Қазақстандағы аса қауіпті аурулардың зерттеулерінің барлығы осында жүргізіледі. Мұндай зертхана Орталық Азияда жоқ", - деп қосты аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы бас директорының міндетін атқарушы Тоқтасын Ерубаев .

Орталықтағы аса қауіпті патогендер халықаралық стандарттарға сәйкес сақталады.  Мекеме озық заманауи технологиялармен жабдықталуы осындай мүмкіндік сыйлап отыр екен. Зертхана қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге де өз үлестерін қосуға барын салып жатқандарын жеткізді. Індетке қарсы тұратын дәрі-дәрмек жасау өте күрделі болғандықтан, бұл бағытта қазір бірнеше орталық жұмыла жұмыс істеп жатыр. 

 

Талқылау