Қазақстандық бойжеткен "ТМД аруы - 2022" атанды
Қазақстандық бойжеткен Диана Перханова 17 маусымда Ереван қаласында өткен "ТМД аруы-2022" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екінші орынды Грузиядан келген Эмми Мхитарян иеленсе, үшінші орын эстон аруы Карина Низинкаяға бұйырды.
“Бізді қарсылаған Арменияға көп рахмет. Мен үшін елмен, салт-дәстүрмен, мәдениетпен танысу қызықты болды. Бұл тәж менің басымда болады деп күтпеген едім", - деді Диана Перханова.

"ТМД аруы" байқауы Арменияда екінші рет өткізілді. Оған өз елдерінде іріктеу кезеңдерін жеңіп алған 23 ару қатысты.
Армения астанасына ТМД елдерінен Әзербайжаннан, Грузия, Литва, Латвия, Эстония және Кубадан арулар келді. Жеңімпазды 13 елден келген қазылар алқасының мүшелері таңдады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар