Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA рейтингінде көш бастады
Халықаралық баскетбол федерациясы әлем чемпионатының Азия аймағындағы іріктеу турнирінің жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы бұл тізімде көш бастап тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа рейтинг бойынша Қазақстан, Иордания мен Австралия алдыңғы үштікте. Қазақстан құрамасы іріктеудің алғашқы екі кезеңінің төрт кездесуінде жеңіске жеткен болатын. Олар 8 ұпаймен D тобында көш бастады.
Енді Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы баскетбол ойындарының үшінші кезеңінде Иран және Бахрейн құрамаларымен күш сынасады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар