Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балық аулайтын торға ұқсайды": Айя Шалқардың Лос-Анджелестегі "Морбиус" филімінің тұсаукесеріне киген киімі қазақстандықтардың талқысына түсті

Қазақстандық модель әрі суретші Айя Шалқар Лос-Анджелесте өткен "Морбиус" фильмінің тұсаукесеріне барды. Қазақ қызының киім үлгісі желіде қызу талұылануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі жазылушыларының байқағанындай Айяның киімі балық аулауға арналған торға ұқсайды. Бірнеше адам оны бұл образы үшін айыптады. Өйткені ол өз үлгісімен қазақстандық қыз-келіншектердің әлем алдындағы беделін түсіреді деген ойлар айтылды.

“Талғамға сай киім киісе болатын еді. Қазақ қыздарының киім кию мәдениеті туралы өзге жұрттың ойы қате қалыптасатын болады. Бұл киім үлгісі өте іш пыстырарлық және арзан көрңінеді”,- деп қарсы пікір білдірсе, кейбір желі пайдаланушылары керісінше оның мүсінінің сұлулығына таңданысын айтты.

“Айя керемет! Джаред те керемет! Барлығы жарасып тұр”, “Егер маған Джаред Летоның өзі шақырту берсе, менің қандай киімде барғанымның маңызы жоқ. Ең бастысы баратыныма қуанушы едім! Жарайсың сұлу қыз!”, “Мүсіні өте әдемі, неге кимеске?”,- деді қолдаушылар. 

Режиссер Дэниел Эспинозаның фильмі Marvel комикстерінің кейіпкеріне негізделген және Sony компаниясының “Өрмекші адам” әлеміндегі үшінші картинасы болып табылады. Сюжет сирек кездесетін қан ауруынан өзін емдеуге тырысқаннан кейін вампирге айналған доктор Майкл Морбиусқа байланысты қойылған. 

Талқылау