Қазақстандық боксшы чемпиондық белбеуінен жекпе-жексіз айырылды
Ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) WBC International Silver чемпиондық белбеуінен бас тартты. Енді бұл белбеу үшін кубалық Хосе Лардет (7-0, 6 КО) пен сербиялық Душан Велетич (5-1, 3 КО) таласады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олардың жекпе-жегі 19 ақпанда Гамбургте (Германия) өтеді. Ал бокс кешінің басты жұлдызы Кособуцкий болмақ. Отандасымыз франциялық Йохан Дюопамен (39-6, 26 КО) жұдырықтасады. 10 раундқа жоспарланған кездесуде боксшылар WBC International белбеуін сарапқа салады.
Жан Кособуцкий соңғы рет өткен жылдың қараша айында жекпе-жек өткізіп, доминикандық Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) нокаутпен жеңген.
Ал қарсыласы Дюопа екінші деңгейлі атақтар үшін жұдырықтасқан. Мансабындағы басты жекпе-жекте WBC белбеуі үшін таласқан. Алайда ол Деонтей Уайлдерден (42-2-1, 41 КО) техникалық нокаутпен жеңілген.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"