Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел АҚШ-тың Ақ үйінде лауазымды қызмет атқарады

Қазақстандық Әсел Төленова АҚШ президенті хаттама бастығының орынбасары болып жұмыс істейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеп хабарлайды. 

асель

Қазақ қызының АҚШ президенті аппаратында жұмыс істейтіні туралы ақпарат желіде желдей есуде. Facebook-те Санжар Дүйсенали есімді азамат Төленованың 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқанын айтқан.

"АҚШ президенті протоколы бастығының орынбасары - қазақ. Оның есімі - Әсел Төленова. Ресми ақпарат жоқ, бірақ жаңалықтар интернетте белсенді түрде тарап жатыр. Жамбылдық ару Обамадан бастап он жылдан астам уақыт бойы хаттамада жұмыс істеп келеді екен. Бұл рас па? "- дейді желідегі жазбасында Санжар Дүйсенали.



Сондай-ақ желідегі жазбада Әсел Төленова 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келгені айтылған. 1993 жылы ол Джорджтаун университетіне дипломатиялық қатынастар факультетіне, ал бес жылдан кейін АҚШ президентінің протокол департаментіне қызметке кіріпті. 2014 жылы департамент бастығының орынбасары қызметін атқарыпты. 

Отандық басылым, Әсел Төленова шын мәнінде АҚШ президенті хаттама бастығының орынбасары болып жұмыс істейтінін хабарлады.

Ақ үйдің сайтында қазақстандық әйелдің есімі Әсел Робертс деп келтірілген. Оның АҚШ-қа жасөспірім кезінде көшіп келіп, Америкадағы орта мектепті бітіргені туралы хабарланған. Содан кейін университет тәмамдап, Ақ үйде тәжірибеден өтіп, сонда жұмысқа тұрып, хаттама қызметінің директоры екендігі көрсетілген.

Төленованы алматылық тележүргізуші және сценарист Маргарита Ленская таныды. Әсел оның сыныптасы болып шықты.

Еске салсақ, жақында ғана АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша, демократиялық партия атынан шыққан Джо Байден Дональд Трампты басып озды. 

Талқылау