Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ тарихында алғаш рет вице-президенттікке әйел адам сайланды

Камала Харрис АҚШ-тың алғашқы қара нәсілді әйел вице-президент болады. Ол сондай-ақ бұл лауазымға ие болған алғашқы афроамерикалық және оңтүстік Азиядан келген адам. Бұл туралы Си-эн-эн және Euronews жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Харристың әке-шешесі Ямайка мен үнді иммигранттары. Оның әкесі Стэнфордта экономика пәнінен сабақ берген, анасы қатерлі ісік ауруын зерттеумен айналысқан.

"Біздің қазіргі президентіміз трагедиямызды саяси қаруға айналдырады", - деді Харрис Дональд Трамп туралы.

"Джо біздің проблемаларымызды шешетін президент болады. Джо бізді барлығына қамқорлық жасайтын экономика құру үшін біріктіреді", - деді ол.

Харрис Демократиялық партияның сол қанатының өкілі болып саналады. Ол теңдік пен әлеуметтік әділеттілікті жақтайды және жастайынан дискриминациямен күрескен. Камаланың анасы қызын сәби кезінде онымен бірге түрлі наразылық акцияларына қатысып жүрген.

Камала Харрис орта мектебін Канадада бітіріп, содан кейін Говард университетінің саясаттану және экономика факультетінде және Калифорния университетінің Хастингс Заң колледжінде оқыды. Ол Сан-Францискодағы алғашқы аудандық прокурор болған қара нәсілді әйел. Кейін Калифорнияның Бас прокуроры болды. Ол экологиялық таза өндіріс әдістері, бір жынысты некеге тұруға рұқсат беру, қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі және ең төменгі жалақыны көтеру үшін күресіп келген.

Оны сайлаушыларға таныстырған Джо Байден: "Мен кішкентай адамның мүддесі үшін батыл күрескерді сайлаудағы серіктесім ретінде таңдадым", - деді.

Харрис өзінің Twitter-дегі аккаунтының сипаттамасын өзгертті: "сайланған вице-президент" деп жазып қойған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр