Қазақстандық ауыр атлеттер лицензиялық әлем кубогін сәтсіз бастады
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама беретін соңғы лицензиялық әлем кубогіне қатысып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауыр атлеттеріміз Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогін сәтсіз бастады. Париж олимпиадасының жолдамалары үлестірілетін жарыстың алғашқы күнінде сынға түскен Айнұр Әбдіхалықова тобында өнер көрсетіп, бесінші орыннан көрінді. 45 келіде өнер көрсеткен ауыр атлетіміз жұлқа көтеруде 72 кг, серпе көтеруде 88 кг зілтемірді ырқына көндіріп, қоссайыс нәтижесі бойынша 160 келі нәтижемен шектелді.
Айта кетейік, Париж олимпиадасының жолдамасын беретін соңғы әлем кубогінің кезеңіне 110 елдің, 466 спортшысы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасының атынан алты спортшы сынға түсіп, лицензия үшін күресіп жатыр.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген

