Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында бес жүлде еншіледі
Фото: IWF
Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Перу астанасы Лимада жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны бес медальға қол жеткізді. Оның екеуі — алтын, үшеуі қола жүлде.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпиондары:
-
Ксения Прозорова (59 келіге дейінгі салмақ дәрежесі)
-
Бейбарыс Ерсеит (61 келіге дейін)
Қола жүлдегерлер:
-
Кира Данилова (71 келіге дейін)
-
Ернұр Мырзахметов (73 келіге дейін)
-
Ерасыл Саулебеков (81 келіге дейін)
Бұған дейін, Лимада өтіп жатқан жарыста құрама спортшысы Бейбарыс Ерсеиттің ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салғанын хабарлаған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

