Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші америкалық миллиардердің немересімен біржынысты қарым-қатынас құрды деп дауға қалды

Қазақстандық әнші әрі блогер Биназир Ермағанбетованың Америкада басы дауға қалды. Арудың америкалық миллиардер Стивен Майкл Росстың немересімен кездесіп жүргені белгілі болды. Біржынысты қарым-қатынас жайлы жергілікті TMZ басылымы мақала жариялаған. Енді қазақстандық блогер өзінің құқығын қорғайтын халықаралық заңгер іздеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Paparazzi екі ғашықты сырттай суретке түсіріп алған. Бұл жайлы Биназир: 

"Артымыздан жүгіріп, суретке түсіріп жүргендер кім деп ойладым. Кім екендерін білмедім. Бізді жайымызға қалдырар деп үміттеніп сондай жер іздедім. Бірақ мен неғұрлым ондай жерді іздеген сайын, олар соғұрлым мені суретке түсіре беріпті. Мен одан (Дайана): "Неге бізді тоқтаусыз суретке түсіре береді? Не болып жатыр?" - деп сұрадым. 
"Бұл Майами, балақай. Бұл оушен драйв. Мұнда мұндай хикая жиі болып тұрады. Сондықтан өзіңді еркін сезініп, күлімсіре", - деді. Мен солай жасадым. Сөйтсем TMZ үшін күлімсіреген екенмін", - деді.

АҚШ журналистері Биназир Дайана Россты Америкада шығармашылығын дамыту үшін жеке мақсатында пайдалануы мүмкін деп болжады. Алайда қазақстандық әнші америкалық ғашығының байлығы жайлы білмегенін айтады.

"Оның Майамиде танымал екенін білдім бе? Иә. Екеуміз танысқаннан кейін оның құрбылары айтты. Өте бай екенін білдім бе?
Киген киімі мен алып кететін көліктеріне қарап, шамамен сондай түсінік болды. Бірақ осыншалықты деңгейде деп ойламадым", - дейді блогер.

Биназир соңғы екі жылда Америкаға жиі сапарлап жүр, ондағы ойы – шетелде музыкант ретінде танылу. Алайда соңғы даудан кейін ару Қазақстанға қайтуға мәжбүр болған. 

Биназир Instagram парақшасында өзін қолдаған елге деген ризашылығын білдірді.

"Сіздер қандай тамаша жансыздар. Мені тірідей жұтып, өртеп, көмеді немесе иттерге тастайды деп ойлап едім. Бірақ керісінше болып шықты. Адамдар мені қолдады", –  деп бөлісті блогер. 



Бір қызығы, қыздың Дайана Росспен қарым-қатынасы жайлы бүкіл ел білгенімен, өз ата-анасы хабарсыз. Енді ару консервативті көзқарастағы әкесімен сөйлесуге қорқып жүр. 

"Егер сіздердің ата-аналарыңыз бәрін түсініп, қабылдаса, ол керемет. Бірақ барлығының ата-анасы ондай емес. Менің ата-анам консервативті көзқарастағы кісілер, әсіресе әкем. Ол үшін "мұндай" адамдар жоқ. Ол – роботтар немесе өзгепланеталықтар", – деп бөлісті қазақстандық әнші.

Ол ата-анасынан кешірім сұрады. 

"Ана, әке, мұндай жаңалықты өзімнен естімегендерің үшін кешіріңдер. 
Бірақ біз болжағанымызбен, барлығы Құдайдың бұйрығымен болады. Мүмкін мен жайлы ешқашан білмес едіңдер", - дейді Биназир.  

Талқылау