Қазақстандық алты боксшы Венгрияда өткен турнирде чемпион атанды
Бокстан Дебреценде(Венгрия) өткен халықаралық турнирде қазақстандық 6 спортшы финалға шығып, алтауы да алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Иштван Бочкаиды еске алу турнирінің финалына шыққан қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің барлығы шешуші жекпе-жекте жеңіске жетті.
Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Саматәлі Төлтаев (60 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Аятулла Тәкіжанов (75 келіге дейін) және Айбек Оралбай ((92 келіге дейін) байрақты бәсекеде тұғырдың ең биігінен көрінді.
- Жарыстың барлық жүлдесін иеленді: Қазақстан спортшылары Азия чемпионатында таңқаларлық нәтиже көрсетті
- "Чемпиондар, қайдасыңдар?": Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарына үндеу жолдады
Бұдан бөлек, қазақстандық боксшылардың қоржынында тағы үш қола медаль бар. Олар Дамир Әбдіқадырға (51 келіге дейін), Дәулет Молдашевқа (54 келіге дейін) және Ермахан Жақпековке (71 келіге дейін) тиесілі.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды


