Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Чемпиондар, қайдасыңдар?": Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарына үндеу жолдады

WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) өзімен жұдырықтасудан қашып жүрген боксшыларға тағы да үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жәнібек Әлімханұлы

2022 жылдың қарашасында Әлімханұлы алғаш рет чемпиондық белбеуін қорғап, британиялық Дензель Бентлиді (17-2-1, 14 КО) жеңген еді. 

"Чемпион болғанда, атағы жоқтардың бәрі сенімен жұдырықтасқысы келеді. Чемпиондардың төбелескісі келмейді. Чемпион тек чемпионмен күрескісі келеді. Чемпиондар, қайдасыңдар? Мені бейтаныс боксшылар да, чемпиондар да қызықтырмайды", – деп жазды ол. 

Еске салайық, бұған дейін Worldboxingnews.net сайты әлемнің ең үздік 50 боксшысының тізімін жариялаған. Қазақстандық боксшылар World Boxing News рейтингінде Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-ші орынға табан тіреді.

Талқылау