Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актер Францияда түсірілетін телехикаяда басты рөлді сомдайды

Қазақстандық танымал актер Данияр Алшынов түсірілімі Францияда басталатын "Инфинити" телехикаясында басты рөлді сомдайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алшыновтан басқа түсірілімге Канн кинофестивалінің 2018 жылғы "Үздік әйел рөлі" номинациясы бойынша лауреаты қазақстандық Самал Еслямова қатысатын болды. 

"20 селфтэйп, бір жыл күту, зум арқылы сағаттар бойы оқылымнан өту, осының бәрін өтіп, қазір міне осындамын. Халықаралық сериалдағы алғашқы басты рөлім. Бір сағаттық алты серия,  сценарийінен көз тарту мүмкін емес, қамқор команда, түсірілім  алаңындағы талантты серіктестер. Өмір сүру, қуануға мүмкіндік үшін рахмет", - деп жазды актер желідегі парақшасында.

Сериалдың режиссері Тьерри Пуро болады. Түсірілімде онымен қоса, Еслямова, Селин Саллетт, Влад Иванов, Лекс Шрапнель, Карина Арутян, Эллора Торкиа, Джаррет Мерц болады.

 

 

 

 

Талқылау