Қазақстандық Adidas компаниясына 19 миллион шығын келтірді
ҚР қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қазақстан азаматын Adidas компаниясына 19 миллион шығын келтірді деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осылайша ол Аdidas AG (Германия) және Аdidas International Marketing BV (Нидерланды) компанияларына 19 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Қойманы тінту кезінде әйгілі компаниялардың түпнұсқа өнімдеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорттық аяқ киім (кроссовкалар) табылып, тәркіленді", - деп хабарлады департаментте.
Осы факті бойынша ҚК-нің "бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет ірі залал келтірсе" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық