Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар астрологтар мен бақсы-балгерлердің қызметіне 39 млн теңге жұмсаған

2023 жылы Қазақстанда астрологтар, балгерлер мен көріпкелдер 39,1 млн теңге табыс тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл сома тек жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендерге түскен табыс. Ұйымның дерегінше, көріпкелдердің барлығының тіркеліп жұмыс істеуі екіталай, ал сауалнама барлық жеке кәсіпкерлерді қамтымаған, сондықтан табыс бұдан да жоғары болуы мүмкін. 

Ресми деректер бойынша, қызметтердің жалпы көлемінің 38,1 миллион теңгесін халық төлесе, ал 1 миллион теңгені Атырау облысында тіркелген белгісіз ұйым төлеген болып шықты. 


"40 күн дұғасы да, намазы да қабыл болмайды": Имам көріпкелге барып, болашақты болжаудың қаншалықты ауыр күнә екенін айтты


Кәсіпкер тіркелген астрологтардың ең көп табыс тапқан жері Астана қаласы болды. Көріпкелдер Астанада 25,3 млн теңге табыс тапқан. Айта кетейік, мұндай қызметтер 2019 жылдан бері тіркелмеген болатын.

Еске салсақ, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек көріпкелдер мен тарошылар қызметіне жүгінуді ақымақтық деп атағаны туралы жазған едік. 

Талқылау