Министр Саясат Нұрбек көріпкелдерге баруды ақымақтық деп айтты
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев секілді көріпкелдер мен тарошылар қызметіне ешқашан жүгінбегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz коллажы
“Өмірімде мүлдем көріпкелдерге өтініш айтып барған жоқпын. Мен логиканы, парасатты және қазір бар шындықты басшылыққа аламын. "Мен әрқашан өз күшіме және достарымның, жұбайымның, ең бастысы, күш-қуатына сенуге тырысамын”, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар министр қандай мемлекеттік қызметкерлердің көріпкелдерге жүгінетінін білмейтінін де тілге тиек етті.
Бұдан бөлек Саясат Нұрбек экс-министр Бишімбаевтың көріпкелдерге барғанын ақымақтық деп айтты.
Еске сала кетейік, 24 сәуірде өткен сот процесінде ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова өлтірілген күні көріпкелге 20 рет қоңырау шалғаны белгілі болды. Сонымен қатар ол сот отырысында көріпкел әйелге ақша аударғанын растады.
Қазақстанның өңірлері биыл қанша қарыз алды: Миллиардтар қайда жұмсалды?
2026 жылы жергілікті атқарушы орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі – 278 миллиард теңге
"Пасханы да, Ораза айтты да тойлаймыз": Екі түрлі дінді ұстанатын отбасы діни сыйластық туралы айтты
Бүгінде екі жасар қызын екі мәдениетпен де таныстырып тәрбиелеп отыр