AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстандағы орыс тілділерді ұлтшылдардан қорғау керек": Геннадий Зюгановтың мәлімдемесіне депутаттар жауап берді

Ресей Коммунистік партиясының мүшесі Геннадий Зюганов Қазақстан туралы мәлімдеме жасап, еліміздегі орыстілді азаматтарды ұлтшылдардан қорғау керегін алға тартқан. Зюганов бұл туралы 20 қаңтарда айтқан екен, алайда арада бір айдан артық уақыт өткен соң оның мәлімдемесі ел ішінде тарады. Коммунистік партия мүшесінің сөзінен кейін қазақстандық депутаттар өз ойларын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зюганов

Зюганов Қазақстан туралы айта келе, орыс тілділердің қауіпсіздігіне қатысты мемлекет билігі кепіл беруі керек екенін мәлімдеген.

"Президент пен Мемлекеттік дума мына мәселелерді талқылап, бірқатар шұғыл шешімдер қабылдауы керек: ең алдымен бұл республикадағы орыс тілділерді ұлтшылдардың бассыздығынан қорғау қажет. Байқоңырдан бастап стратегиялық нысандар, полигондар сенімді қорғалуы керек. Қазақстан басшылығымен қажетті кеңестер жүргізіліп, бізге қажетті тілдік, мәдени, рухани тұрғыда қауіпсіздікке кепіл берілсін", – деді Геннадий Зюганов. 

Ресейлік саясаткердің айтқанына қатысты пікір білдірген Мәжіліс төрағасының орынбасары Павел Казанцев мұны "арандатушылық" деп бағалады. 

"Сіздің Қазақстанға қатысты мәлімдемеңізді аса қауіпті әрі арандатушылық деп бағалаймын. Қазір барлығы бәрі аса нәзік әлемді қалай сақтап қаламыз деп жатқанда сіз, керісінше, тағы бір тұрақсыздық ошағын жасауға тырысып жатырсыз! Бұл жолы Қазақстан-Ресей векторына қатысты.

Қарым-қатынастың барлық негізгі принциптерін біздің Президент пен Ресей басшылығы айқындап қойған. Қарым-қатынасымыз тұрақты, бұл күн сайынғы тәжірибеден көрінеді. Біз жылт етпе саяси пайда үшін немесе өзін көрсетіп қалу үшін тұрақтылықты шайқауға жол бермейміз! Отпен ойнауға болмайды!", - деді Павел Казанцев. 

Казанцев Қазақстан халқының бірлігі күшті екенін және талай сыннан өткенін алға тартты. 

Ал Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан да Зюгановтың айтқанын арандатушылық әрі шовинистік мәлімдеме деді. 

"Зюганов Оңтүстік Қазақстанда орыс тілін оқытпайды деп дабыл қақты. Ресей басшылығынан орыстілділерді ұлтшылдардан қорғауға қатысты шұғыл шешім қабылдауға шақырды. Оның бұл сөздері – ашық арандату. Ресейдің бейбіт әрі сенімді әріптесі Қазақстанға қатысты жауапсыз әрі шовинистік мәлімдеме", – деді Айгүл Құспан. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр