Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы мәжіліс сайлауы: Қазақстандық жас жұбайлар учаскеде некесін қиып, дауыс берді

Түркістан облысының тұрғындары Қазақстандағы парламенті мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында ерекше белсенділік танытып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

Халық тығыз орналасқан өңірде азаматтар таңнан бастап таңдауын жасап жатыр. Солардың бірі жақында ғана отау тіккен Марат Қалеке мен Ардақ Төлепбек. Жас жұбайлар Түркістан қаласындағы 104-і сайлау учаскесінде дауыс берді,

Айта кетейік, Түркістан облысында 911 сайлау учаскесі ашылып, онда 1 млн 160 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Облыс орталығы - Түркістан қаласында 50 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Онда қала тұрғындарымен қатар, қызмет бабында жүрген азаматтар және қалаға келген қонақтар да дауыс беруде. Шаһардағы сайлау учаскелерінің біріне жақында ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар да өз таңдауын жасауға келді. Еліміздегі әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін түсінген ерлі-зайыптылар Марат Қалеке мен Ардақ Төлепбек осылайша елдік мәселеге бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Марат мемлекеттік қызметкер, жұбайы Ардақ Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің студенті.

Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесінде де ерекше жағдай болды. Жас жұбайлар Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде неке куәлігін алып, өз таңдауларын жасады. Қалыңдық ақ көйлек киіп келді.

"Бұл біздің отбасылық бірінші дата болғандықтан, бірге шешім қабылдап, бірге өз таңдауымызды жасадық. Әр қазаққа дауыс беру деп ойлаймын", - деді Фархат Жанбеков.

"Бүгін өте ерекше күн болды. Өзім де ерекше қуаныштымын осылай сәті түскеніне", - деді қалыңдық Ботакөз Қалтаева.

Талқылау