Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы мәжіліс сайлауы: Еліміздің бірінші тұлғалары қалай дауыс берді

Қазақстанда мәжіліс депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Елдегі билік өкілдері алғашқылардың бірі болып сайлау учаскілеріне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сайлау

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы оқушылар сарайындағы №58 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

ҚР тұңғыш президенті  Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

"Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді", - деп жазды Twitter-де елбасының баспасөз хатшысы.

Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сайлау учаскесіне Асқар Мамин алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келді.

Асқар Мамин "Астана"концерт залының ғимаратында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласындағы №138 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

"Елорда әкімі мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс берді. Алтай Көлгінов таңғы сағат 7:30-да Қазақ ұлттық өнер университетінің №329 сайлау учаскесінде дауыс берді", - деп хабарлады қала әкімдігінде.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов болса Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан № 111 сайлау учаскесіне келді.

ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев та мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы №79 мектеп-лицейде орналасқан  №126 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

"Бүгін еліміз үшін айрықшы сәт деп ойлаймын. Халқымыздың ең асыл мұраты – Тәуелсіздікті нығайту жолында мақсатымыз, сондай-ақ өскелең ұрпақ алдында үлкен жауапкершілігіміз бар. Соны есінде ұстай тұра халқымыз бұрыннан танбай келе жатқан өзінің парасаттылығын, ынтымағы мен бірлігін көрсетеді деп ойлаймын. Сол жауапкершіліктің деңгейінде боламыз. Әлемде әртүрлі жағдай орын алып, қоғамды жік-жікке бөлген әрқилы оқиғалар болып жатыр. Осы сайлау – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, Тәуелсіздік жолында ең ізгі қасиеттерімізді көрсетеді деген ойдамын", - деді Қырымбек Көшербаев.

Еске сала кетейік, Қазақстанда бүгін мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтуде. Сайлау учаскелері 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін жалғасады.

Талқылау