Қазақстандағы қай вакцина үнді штаммынан қорғайды? Маман жауап берді
Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, иммунолог Алмаз Шарман "Еліміздегі қай вакцина коронавирустың үнді штаммына тиімдірек қорғайды?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, қазақстандық вакцина мен қытайлық екпенің жасалу жолдары ұқсас.
"Қазақстандағы вакциналардың келесі түрі инактивтендірілген екпе екенін білесіздер. Ол – Sinopharm, Sinovac сияқты вакциналар. Мен QazVac-ты да осы қатарға қосар едім. Бұл екпелер көбінесе қайғылы жағдайлардан қорғауға бағытталған. Яғни ауыр жағдайдағы науқастарды жақсы қорғайды. Бұл екпелер науқас жұқтырудан азырақ қорғағанымен, реанимация мен жасанды өкпе аппараттарына түспеуіне көмектеседі. Аталған вакциналардың осы қасиеттері дельта штамына да дәл осылай әсер етеді деп есептеймін. "Дельта+" штамы туралы естіп жатырмыз. Бірақ оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлі ресми растамағандықтан, әзірге дельта штаммы деп жалпы атаумен қарау жөн деп ойлаймын", – деді иммунолог.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда кімдер вакцинациядан босатылатыны айтылған еді.