Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы барлық жолдар 5 жылдың ішінде жөнделетін болады

Қазақстандағы барлық жолдар 5 жылдың ішінде жөнделетін болады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев мемлекеттің дамуын қамтамасыз ету үшін, жолдарды қалпына келтіру мәселесі қолға алынатынын айтты.

"Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі инфраструктуралық жобалар арқылы жүзеге асуы керек. Транзиттік бағыттарды жетілдіру және қызмет көрсетуді жақсарту керек. 2025 жылға дейін 24 мың км жолды жөндеу және қалпына келтіру мақсаты қойылды. Бұл еліміздегі барлық жолдар жөнделеді дегенді білдіреді", - дейді Тоқаев.


Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

Талқылау